Максим Самородовқа Ресейдің алпауыт клубтары көз тігіп отыр

Максим Самородов

Максим Самородов. Фото: samorodov_10_

Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов бүгін Мәскеудегі «РЖД Аренада» өтетін Ресей Кубогі аясындағы «Локомотивке» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін. Кездесу Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Грозныйлықтар Кубоктың аймақтық жолындағы топтық кезеңді екінші орынмен аяқтаған болатын. Ширек финалда «Зениттен» екі ойын қорытындысы бойынша ұтылып қалды. Бірақ «Краснодарды» тізе бүктірген. Енді «Ахмат» тағы бір мықты қарсылақпен шеберлік байқаспақ.

Самородовқа Ресейдің бірнеше беделді клубы қызығушылық танытып отыр. «Спартак», «Локомотив», «Краснодар» секілді командалардың скауттары оның әр ойынын мұқият қадағалап келеді. Осыған дейінгі бір кездесуде дәл осы «Локомотивтің» қақпасына гол соққан ойыншы бүгін де назарда болмақ.

Айта кетейік, Максим Самородов РПЛ-дің көктемгі бөлігінде жарқырап көрініп жүр. Қазіргі таңда оның трансферлік құны 1,8 миллион еуро деп бағалануда.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді