Максим Самородов РПЛ турының үздік ойыншылары қатарына енді

Максим Самородов

Максим Самородов. Фото: samorodov_10_

Қазақстан құрамасы мен «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының тоғызыншы турындағы үздік футболшылар рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Самородов осы турда ең көп сәтті дриблинг жасаған ойыншы атанды — оның еншісінде тоғыз обводка бар.

«Нижний Новгородқа» қарсы өткен кездесуде (2:1) ол негізгі құрамда алаңға шығып, 65 минут ойнады. Қазіргі маусымда Максим РПЛ-да тоғыз матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру