Луис Энрике мансабындағы 17-ші трофейін иеленді

Луис Энрике

Фото: X.com

«Пари Сен-Жермен» УЕФА Суперкубогын жеңіп алды. Удинедегі «Дачия Арена» стадионында өткен ойында негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында француздар 4:3 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл трофей Луис Энрике үшін париждік клубпен бірге алынған сегізінші, ал жалпы бапкерлік мансабындағы 17-ші жетістігі болды. Оның жетекшілігімен «ПСЖ» екі мәрте Франция чемпионатын, Кубогын және Суперкубогын, сондай-ақ Чемпиондар лигасын ұтты.

Парижге келмей тұрып, Энрике «Барселонаны» жаттықтырып, тоғыз трофейге қол жеткізді. Олардың қатарында Чемпиондар лигасы, Испания чемпионаты және Кубогы бар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру