«Лидс» «Ньюкаслды» ірі есеппен жеңіп, АПЛ-де үшінші орынға көтерілді

lids yunajted razgromil nyukasl yunajted v matche 4 go tura apl 178941940636722451

Англия Премьер-лигасының төртінші турында «Лидс» өз алаңында «Ньюкаслдан» басым түсті. Қожайындар кездесуді 4:1 есебімен аяқтап, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ «Лидс» шабуылға белсенді араласып, қарсылас қақпасына қысым жасады. 32-минутта Льюис Майлидің қатысуымен есеп ашылды. Араға екі минут салып Джейден Богл алаң иелерінің басымдығын еселей түсті. Бірінші таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда «Лидс» тағы бір гол соқты. Қосымша уақыттың бірінші минутында Доминик Калверт-Льюин есепті 3:0-ге жеткізді.

Үзілістен кейін де ойын барысы өзгерген жоқ. «Лидс» шабуылын жалғастырып, 59-минутта Ноа Окафордың голымен төртінші рет мергендік танытты. «Ньюкасл» кездесудің соңына қарай жауап голын соға алды. 85-минутта Базумана Туре есеп айырмасын қысқартқанымен, бұл нәтиженің өзгеруіне әсер еткен жоқ.

АПЛ, 4-тур

«Лидс» – «Ньюкасл» – 4:1

Голдар: Майли, 32 (автогол), Богл, 34, Калверт-Льюин, 45+1, Окафор, 59 – Туре, 85.

Осы жеңістен кейін «Лидс» сегіз ұпай жинап, Англия чемпионатының турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. «Ньюкаслдың» еншісінде бес ұпай бар және команда 12-сатыда орналасқан. «Лидс» келесі матчын 20 қыркүйекте «Кристал Пэласқа» қарсы өткізеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр
13 Окт - 12:05 Футбол
«Ливерпуль» 47 миллион еуроға Алиссонға ықтимал ізбасар тапты
13 Окт - 10:45 Футбол
ҚФФ өкілдері УЕФА Жасөспірімдер лигасының матчына тағайындалды
13 Окт - 10:00 Футбол
Қазақстанның U-17 әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екінші рет жеңілді
13 Окт - 09:15 Футбол
«Қайрат» Конференциялар лигасындағы алғашқы матчына Ригаға аттанды
12 Окт - 18:15 Футбол
«Бернли» – «Чарльтон»: Сатпаев матчты негізгі құрамда бастамауы мүмкін
12 Окт - 17:20 Футбол
«Ақтөбе» мен «Алтай» ҚПЛ матчтарының қорытындысы бойынша ірі көлемде айыппұл арқалады
12 Окт - 16:00 Футбол
«Ақтөбе» Александр Заруцкиймен келісімшартты 2029 жылдың соңына дейін ұзартпақ
12 Окт - 11:49 Футбол
Евгений Аверченко ҚПЛ-дегі еурокубок жолдамалары үшін күреске баға берді