Ламин Ямаль 18-ге толмай жатып-ақ Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты

Ламин Ямаль

Ламин Ямаль. Фото: ФК Барселона

«Барселонаның» жас шабуылшысы Ламин Ямаль тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді. «Боруссияға» қарсы өткен Чемпиондар лигасы матчында (4:0) ол бұл турнирде 18 жасқа толмай тұрып 20 ойын өткізген тұңғыш футболшы атанды. Осы ойында Ямаль бір гол соғып, мерейін үстем етті.

Бұл маусым – Ямаль үшін нағыз серпіліс. Жас ойыншы «Барса» сапында барлығы 43 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 20 нәтижелі пас берген.

Оның клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Ал Transfermarkt порталы ойыншының қазіргі нарықтағы бағасын 180 миллион еуроға бағалап отыр.

Ямальдің мұндай көрсеткіштері жанкүйерлерді де, футбол сарапшыларын да таңдай қақтырды. Ол жас болса да, негізгі құрамнан берік орын алып, рекорд жаңартуды жалғастырып келеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру