Кроуфордтың бапкері Головкинмен жекпе-жек жайлы пікір білдірді

Геннадий Головкин

Геннадий Головкин. Фото: Getty Images

Геннадий Головкиннің рингке қайта оралуы мүмкін деген мәлімдемесі әлемдік БАҚ-та қызу талқыланып жатыр. Бұл тақырыпқа енді үш дүркін абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфордтың бапкері Брайан Макинтайр да пікір қосты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Британ басылымына сұхбат берген маман Кроуфорд пен Головкин арасындағы қиялдағы айқасқа тоқталды. «Әңгіме Теренс жайлы болғанда, мен сенімдімін: қарсысына кім шықса да, бабында жүрген кезінде ол бәрібір үстемдік ететін еді. Оның ойлау қабілеті мен бокс IQ-ы керемет», — деді Макинтайр.

Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың 17 қыркүйегінде Сауль «Канело» Альвареске қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңілген. Қазақстандық боксшы мансабын аяқтағанын ресми түрде хабарлаған жоқ. Оның көрсеткіші — 45 айқас, 42 жеңіс (37 нокаут), 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 13:22 Бокс
Өзбекстанның этникалық қазағы енді Қазақстан намысын қорғайды
28 Янв - 20:05 Бокс
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді