Ковригин Сауд Арабиясындағы жекпе-жекте мұрнын сындырып, жеңіліп қалды

Александр Ковригин

Александр Ковригин. Фото: alexx_boxing/Instagram

17 сәуір күні Сауд Арабиясында өткен WBC Гран-при турнирінде қазақстандық боксшы Александр Ковригин (8-1, 6 КО) АҚШ өкілі Трой Нэшемен (4-0, 1 КО) жұдырықтасып, алғаш рет кәсіпқой рингте жеңіліс тапты.

BoxRec сайтының редакторы әрі The (un)Professional Boxing подкастының жүргізушісі Грей Джонсонның айтуынша, жекпе-жек барысында Ковригин мұрнын сындырып алған. Қарсыласы жылдам қолын тиімді пайдаланып, Ковригиннің шабуылдарын дер кезінде тойтарып отырған. Үшінші раундта ережені бұзғаны үшін Нэштен бір ұпай шегерілгенімен, төрешілер шешімімен жеңіс соған бұйырды — 58-55, 58-54, 56-57.

Осылайша, Трой Нэш WBC Гран-приіндегі АҚШ боксшылары үшін екінші жеңісті тіркеді. Ал Ковригин алғашқы жеңілісін тіркеп, жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады