Кімге қанша бөлінді? Sport Qory есебінде қандай мәліметтер бар

Сборная Казахстана по футболу

Сборная Казахстана по футболу. Фото: Getty Images

Telegram-дағы «Дядя Ваня» арнасы 2024 жылға арналған Sport Qory қорының қаржылық есебімен танысып шықты. Өткен жылы қордың жалпы кірісі 32,26 млрд теңгені ($63,21 млн) құрады. Соның ішінде 29 млрд теңгесі – демеушілік көмек, оның 95%-дан астамы «Самұрық-Қазына» қорынан түскен.

Барлығы 30,79 млрд теңге ($64,25 млн) спорт саласына жұмсалған. Оның 70%-ы кәсіби клубтарға берілді. Ең көп қаржы алғандар қатарында «Барыс» хоккей клубы (8,5 млрд), XDS Astana Team велокомандасы (6 млрд), «Астана» футбол клубы (5,3 млрд) және баскетболдан «Астана» клубы (1,8 млрд) бар.

Қалған қаражат олимпиадалық, ұлттық, инклюзивті және бұқаралық спорт түрлерін қолдауға бөлінген. Қаржылай көмек алғандар қатарында Шавкат Рахмонов, Бибісара Асаубаева, сондай-ақ бокс, дзюдо, теннис федерациялары мен ұлттық спорт ұйымдары бар.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру