Карими мен Патанин Сомбатхейдегі финалға шықты

Милад Карими

Милад Карими. Фото: Olympic.kz

Мажарстанның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup сериясының соңғы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Іріктеу сынында Қазақстан ұлттық құрамасының екі спортшысы ақтық кезеңге жолдама алды.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими керме жаттығуында ең үздік нәтиже көрсетті. Ал Дмитрий Патанин екі бағдарламада — қос сырық пен еркін жаттығуда финалға шықты.

Айта кетейік, еркін жаттығудан жүлделер бүгін үлестіріледі. Ал керме мен қос сырықтағы шешуші сайыстар ертең, жексенбі күні өтеді.

Сомбатхейдегі жарысқа барлығы 38 елдің спортшылары қатысып жатыр. Қазақстан атынан Милад Карими, Диас Тойшыбек, Дмитрий Патанин және Роман Маменов сынға түсуде.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
10 Авг - 19:05 Басқа
Шаңғымен тұғырдан секіруден Франциядағы жазғы Гран-при: Қазақстан құрамасының нәтижесі
10 Авг - 16:26 Басқа
Қазақстан су добынан Хорватияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын аяқтады
10 Авг - 11:02 Басқа
Қазақстан таеквондодан Ресейде өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
07 Авг - 13:33 Басқа
Қазақстан таеквондодан Индонезиядағы халықаралық турнирде төрт медальға ие болды
07 Авг - 10:21 Басқа
Қазақстандық ескекшілер Жапониядағы Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады
07 Авг - 08:46 Басқа
Қазақстан су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Түркиядан жеңілді
04 Авг - 12:05 Басқа
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына құрамын жариялады
30 Июл - 16:51 Басқа
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатын тарихи алтынмен аяқтады
29 Июл - 12:06 Басқа
Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатының командалық жарысын аяқтады
28 Июл - 12:05 Басқа
Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатын 1/8 финалда аяқтады