Каратэші Мөлдір Жаңбырбай Қазақстанға Әлем ойындарынан күміс әкелді

Молдир Жанбырбай

Фото: НОК

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Әлем ойындарында каратэ бәсекесінің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы күміс медаль түсті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Мөлдір Жаңбырбай төрт жылда бір өтетін бұл беделді додада финалға дейін сүрінбей жетті.

Шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы ирандық Сара Бахпен кездесті. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды, алайда төрешілер жеңісті қарсыласына берді.

Бұл – Қазақстан тарихындағы Әлем ойындарындағы үшінші жүлде. Бұған дейін 2009 жылы Халид Халидов пен 2022 жылы София Берульцева медаль иеленген еді. Ертең татамиге София Берульцева (+68 кг), Әсел Қанай (61 кг) және Нұрқанат Әжікенов (75 кг) шығады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды