Калмурза: «Реалға» қарсы алаңға ел атынан шығамыз»

Шерхан Калмурза

Фото: Getty Images

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасының екінші турындағы «Реалға» қарсы ойын алдындағы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді.

«Бұл — үлкен жауапкершілік. Біз тек клуб үшін емес, бүкіл ел атынан ойнаймыз. Тіпті бүкіл ТМД бізге жанкүйер болады деуге болады. Қарсыласымыздың деңгейіне қарамастан, өз ойынымызды көрсетуіміз керек. Қазақстанда таланттар бар екенін дәлелдеуіміз қажет», — деді Қалмырза Qsport арнасына берген сұхбатында.

18 жастағы қақпашы «Қайраттың» негізгі ойыншысы атанды. Бұған дейін Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алып, саптан шыққан еді. Айта кетейік, алматылық клуб топтық кезеңді «Спортингтен» (1:4) жеңіліспен бастады, ал «Реал» алғашқы турда «Марсельді» (2:1) тізе бүктірді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру