«Кайратқа» жаңа бразилиялық шабуылшы келмек

Эдмилсон

Эдмилсон. Фото: Getty Images

Meta-ratings.kz порталының мәліметінше, алматылық «Қайрат» командасы бразилиялық шабуылшы Эдмилсонмен келісімшарт жасаспақ. Қазіргі таңда ол бос агент ретінде қарастырылып отыр.

Соңғы екі маусымды Эдмилсон Словенияның «Целе» клубында өткізді. Ол бұл командамен бірге ел чемпионатын және ұлттық кубокты жеңіп алған. Барлығы 73 кездесуге қатысып, 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Өткен маусымда «Целе» Конференциялар лигасының ширек финалына дейін жетіп, сол турнирде Эдмилсон «Нью-Сейнтс» қақпасына екі гол соққан.

Қазір ойыншы Алматыда жүр. Жақын күндері ресми түрде таныстырылып, тіпті алдағы Қазақстан Премьер-лигасындағы «Жетісуға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайраттың» Ресей құрамасының шабуылшысы Фёдор Смоловқа қызығушылық танытқаны хабарланған еді. Алайда клуб бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
18 Окт - 15:05 Футбол
«ПСЖ» Ламин Ямальды алу үшін рекордтық сома ұсынбақ
18 Окт - 10:00 Футбол
«Астана» мен «Ақтөбе» ойынына барлық билет сатылып кетті
16 Окт - 08:28 Футбол
«Ақтөбенің» бас бапкері ҚПЛ-дың басқа клубына ауысуы мүмкін
15 Окт - 18:00 Футбол
Лионель Месси Майамиде халықаралық жасөспірімдер турнирін өткізеді
15 Окт - 13:31 Футбол
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Денис Мамонов қызметінен кетті
15 Окт - 12:55 Футбол
Дастан Сатпаев — The Guardian таңдаған әлемнің ең үздік жас футболшыларының қатарында
15 Окт - 11:32 Футбол
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш сатыға көтерілді
15 Окт - 08:49 Футбол
Карим Бензема Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін
14 Окт - 21:27 Футбол
Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанмен өтетін жолдастық матчтарға шақырылған ойыншылар тізімі
14 Окт - 16:20 Футбол
Исламбек Қуат Македониямен өткен матчтан кейін құрамадан кетпек болған