Израильге УЕФА жарыстарынан шеттетілу қаупі төнді

УЕФА

Фото: UEFA.com

УЕФА Атқарушы комитеті 23 қыркүйекте Израильді барлық жарыстан шығару мәселесін талқылайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Дәл осы күні ұйымның жиынында дауыс беру өтуі мүмкін.

Басылымның мәліметінше, Израиль футбол қауымдастығы дауыс беруді болдырмауға тырысуда. Алайда құқыққа ие 20 елдің басым бөлігі Израильді шеттетуге дайын екені айтылуда.

Егер шешім қабылданса, Израиль құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінен шеттетіліп, ал Тель-Авивтің «Маккаби» клубы Еуропа Лигасының ағымдағы маусымынан шығарылатын болады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру