Ислам Махачев Иан Гарримен жекпе-жек туралы пікірін айтты

images 8

UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев ирландиялық Иан Гарримен өтетін алдағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

MMA Fighting басылымына берген сұхбатында ресейлік файтер бұл кездесудің Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы текетірес секілді ерекше принципті мәні жоқ екенін жеткізді. Оның айтуынша, Гарри – кезекті қарсыласы ғана және бұл жекпе-жекті елдер арасындағы бәсекемен байланыстырмайды.

«Мен үшін бұл – кезекті қарсылас. Мұнда мемлекеттер арасында ешқандай тарих жоқ. Бірақ ирландиялық файтерлермен кездесулер туралы айтсақ, қазір есеп – 2:0. Осы жекпе-жектен кейін 3:0 болады деп үміттенемін», – деді чемпион.

Ислам Махачев келесі жекпе-жегін 16 тамыз күні Филадельфияда өтетін UFC 330 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы жеңілістің дәмін татпаған ирландиялық Иан Гарри болады. Махачев қазір UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы саналады, бұған дейін ол жеңіл салмақтағы титулды иеленіп, оны төрт рет сәтті қорғаған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру