Инсайдер: Әлімханұлы мен Адамес жекпе-жегі АҚШ-та өтуі мүмкін

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram

Белгілі бокс сарапшысы Бернардо Пилатти WBO/IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес арасындағы біріккен жекпе-жек 2025 жылдың соңына дейін өтеді деген үмітін жеткізді, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Оның айтуынша, қос тарап 22 қарашада Сауд Арабиясында кездесу жайында келіссөз жүргізген, бірақ қаржылық мәселеге байланысты келісімге келе алмады. Егер айқас АҚШ-та ұйымдастырылса, боксшылардың қаламақысы төмен болуы мүмкін.

Пилатти жағдайдың қиындығын да атап өтті. Себебі Адамес PBC ұйымымен, ал Әлімханұлы Top Rank промоутерлік компаниясымен байланысты. Қазіргі таңда Top Rank тұрақты телесеріктессіз отыр. Сондықтан жекпе-жектің жүзеге асуы үшін қос тарап та талаптарын азайтып, ымыраға келуі қажет. Сауд Арабиясындағыдай мол қаржы АҚШ-та қарастырылмайды.

Сарапшының ойынша, ең ықтимал нұсқа – желтоқсан айында АҚШ-та өтетін PBC турнирлерінің бірінде үш белбеу үшін тарихи жекпе-жектің ұйымдастырылуы.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр