Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновпен реванш өткізуге дайын

Шавкат Рахмонов

Фото: Yahoo Sports

Шавкат Рахмоновтан жеңілгенін Иэн Гэрри әлі ұмыта алмай жүр. Жекпе-жекке алты ай өтсе де, ирландиялық файтер «Көшпендімен» болған айқасты жиі еске алады. Talksport арнасына берген сұхбатында ол қайтадан Шавкатпен октагонда кездесуге дайын екенін айтты.

«Рахмоновпен болған жекпе-жек – менің мансабымдағы ең маңызды кездесу. Мен жеңілсем де, жанкүйерлердің құрметіне ие болдым. Шавкатқа ең қиын жекпе-жекті мен көрсеттім», — деді ол.

Гэрри өзін қазақ спортшысынан мықтырақ санайды және реваншта мүлде басқа нәтиже болатынына сенімді. Оның сөзінше, екінші кездесу – тек уақыттың еншісінде.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру