Ибрагим Нұрмаханұлы Қазақстанға Азия Пара ойындарындағы үшінші алтынды әкелді
Қазақстандық парадзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Жапонияда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында жеңімпаз атанып, 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. J2 санатында өнер көрсеткен отандасымыз финалда Өзбекстан өкілі Кемран Нуриллаевтан басым түсті.
Шешуші белдесуде жеңіске жеткен Нұрмаханұлы өз салмағында жарыстың ең үздік нәтижесін көрсетті. Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан додада Қазақстан құрамасының өкілдері жүлде үшін жарысты жалғастырып жатыр.
Бұдан бөлек, пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі медаль түсті. 45 келіге дейінгі салмақта Алина Солодухина 103 келі көтеріп, күміс жүлдеге ие болды. Ал Айжан Берімқұлова 101 келіні бағындырып, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасының Азия Пара ойындарындағы алтын медаль саны үшке жетті. Бұған дейін 54 келіге дейінгі салмақта пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев және 10 метрге пневматикалық винтовкадан R1 санатында Еркін Ғаббасов чемпион атанған еді.



