Хоккейден АҚШ құрамасы 65 жылдан кейін алғаш рет чемпион атанды

Сборная США по хоккею

Фото: Getty Images

Швеция астанасы Стокгольмде хоккейден топ-дивизион арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Финалда АҚШ құрамасы Швейцарияны овертаймда 1:0 есебімен жеңіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.

Матчтың 62-минутында шешуші шайбаны Тейдж Томпсон соқты. Оған нәтижелі пас берген ойыншылар — Логан Кули мен Джош Шей. Бұл жеңіс АҚШ құрамасына 65 жылдан кейінгі алғашқы әлем чемпиондығын сыйлады.

Ал Швейцария құрамасы қатарынан екінші жыл күміс жүлде иеленіп отыр. Команданың қақпашысы Себастьяно Дженони 2025 жылғы әлем біріншілігінің ең үздік ойыншысы деп танылды.

Келесі чемпионат 2026 жылы Швейцарияда өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру