Фристайл-акробатика: қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиаданың финалына өте алмады

img 4434

Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиадада сынға түсті.

Роман Иванов, Асылхан Асан, Дінмұхаммед Райымқұлов және Шерзод Хаширбаев алғашқы іріктеу кезеңінде бақ сынады.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Роман Иванов өзінің үздік мүмкіндігінде 105.75 ұпай жинап, жалпы есепте 13-орынға жайғасты. Шерзод Хаширбаев үздік талпынысында 98.67 ұпай еншілеп, 16-орынға ие болды. Ал Асылхан Асан 93.21 ұпаймен 18-орынға тұрақтаса, Дінмұхаммед Райымқұлов 90.50 ұпаймен 19-орыннан көрінді.

Осылайша отандастарымыз финалға өте алмады. Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік 12 спортшы финалға жолдама алады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Окт - 09:10 Басқа
Рита Бакишева Азия ойындарында тарихи қола медаль жеңіп алды
28 Сен - 16:00 Басқа Жеңіл атлетика
Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жарамсыз деп танылды
28 Сен - 15:05 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісінен кейін қабылдады
28 Сен - 11:37 Басқа
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында тоғызыншы орынға ие болды
28 Сен - 08:30 Басқа
Қазақстан артистік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
26 Сен - 12:05 Басқа
Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарын ірі жеңіспен аяқтады
25 Сен - 13:44 Басқа
Денис Сергиенко Азия ойындарында маунтинбайктен бесінші орын алды
25 Сен - 12:05 Басқа
Ислам Сатпаев Азия ойындарының финалына шықты
25 Сен - 10:45 Басқа
«Барыс» «Нефтехимикке» қарсы матч алдында қатарынан үшінші жеңіске ұмтылмақ
25 Сен - 09:15 Басқа
Мария Бровкова мен Юлиана Киселева Азия ойындарында төртінші орын алды