Фристайл-акробатика: қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиаданың финалына өте алмады

img 4434

Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиадада сынға түсті.

Роман Иванов, Асылхан Асан, Дінмұхаммед Райымқұлов және Шерзод Хаширбаев алғашқы іріктеу кезеңінде бақ сынады.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Роман Иванов өзінің үздік мүмкіндігінде 105.75 ұпай жинап, жалпы есепте 13-орынға жайғасты. Шерзод Хаширбаев үздік талпынысында 98.67 ұпай еншілеп, 16-орынға ие болды. Ал Асылхан Асан 93.21 ұпаймен 18-орынға тұрақтаса, Дінмұхаммед Райымқұлов 90.50 ұпаймен 19-орыннан көрінді.

Осылайша отандастарымыз финалға өте алмады. Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік 12 спортшы финалға жолдама алады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Фев - 21:15 Басқа
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева 2026 жылғы Олимпиадада үздік жетілікке енді
20 Фев - 16:46 Басқа
Фристайл-акробатика: қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиаданың финалына өте алмады
20 Фев - 11:11 Басқа
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
20 Фев - 09:54 Басқа
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жеке рекордын жаңартты
18 Фев - 15:28 Басқа
Олимпиада-2026: мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 12-орын алды
17 Фев - 11:00 Басқа
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады
15 Фев - 16:33 Басқа
Қазақстандық спортшы Колумбиядағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
15 Фев - 15:53 Басқа
Павел Колмаков Олимпиада-2026 жарысын аяқтады
15 Фев - 12:31 Басқа
Михаил Шайдоров ISU рейтингінде үздік үштікке енді
14 Фев - 19:10 Басқа
Михаил Шайдоров Олимпиададан кейін өзінің шыққан тегі туралы пікір білдірді