ФИФА тағы да өзгеріс жасай ма? Әлем чемпионатына 64 команда қатысуы мүмкін

ЧМ-2026

ЧМ-2026

ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатына 64 құрама қатыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл бастаманы Уругвай өкілі көтерді. Ол осы арқылы бірінші мундиальдың 100 жылдығын атап өтуді ұсынды.

ФИФА президенті Джанни Инфантино бұл мәселені жан-жақты зерттеу керектігін айтты. Алайда кеңес мүшелерінің көпшілігі бұған қарсы, сондықтан бастама мақұлданбауы мүмкін.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Ол алғаш рет 48 құраманың қатысуымен ұйымдастырылады. Жаңа форматтың тиімділігі сол кезде белгілі болмақ.

2022 жылғы әлем чемпионы – Аргентина. Финалда Францияны пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңді. Негізгі және қосымша уақыт 3:3 есебімен аяқталған еді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді