Фабио Каннаваро Қазақстан құрамасын баптауы мүмкін

Telegram-арна AmanVIBE мәліметінше, Қазақстан футбол құрамасының бас бапкерлігіне үміткерлер қатарында әйгілі италиялық қорғаушы Фабио Каннаваро да болған.
«Ювентус» пен «Реалдың» бұрынғы ойыншысы – тарихта «Алтын допты» алған жалғыз қорғаушы.
Дереккөзге сүйенсек, Каннаваромен нақты келіссөз жүргізілмеген. Тек оның қолжетімділігі мен талаптары сұралған. Итальяндық маман Қазақстан құрамасын басқаруға дайын екенін айтқанымен, жылына шамамен 2 миллиард теңге жалақы талап еткен.
Осыдан кейін бұл нұсқа қолайсыз деп танылып, келіссөз тоқтатылған. ҚФФ басқа үміткерлерді қарастыруды жалғастырып жатыр.