Еуропаның ең қымбат клубтары анықталды: АПЛ үстемдік құрып тұр

Фото: Europa Press via Getty Images
Football Benchmark Group агенттігі Еуропадағы ең қымбат футбол клубтарының рейтингін жариялады. Көш басында – мадридтік «Реал». Клубтың жалпы бағасы шамамен 6,3 миллиард еуроға тең.
Одан кейін тізімде «Манчестер Сити» (5,2 млрд) мен «Манчестер Юнайтед» (5,1 млрд) тұр. Ал алғашқы ондыққа «Барселона», «Бавария», «Ливерпуль», «Арсенал», ПСЖ, «Тоттенхэм» және «Челси» кірген.
Назар аударарлығы – алғашқы жиырмалықтың ішінде он бір клуб Англия Премьер-лигасынан. Бұл АПЛ клубтарының қаржылық әлеуеті еуропалық өзге лигалардан көш ілгері екенін көрсетеді. Рейтингтің соңғы сатысында «Айнтрахт», «Астон Вилла» мен «Эвертон» орналасқан.
1. «Реал» (Испания) – нарықтағы құны 6,3 миллиард евро
2. «Манчестер Сити» (Англия) – 5,2 миллиард евро
3. «Манчестер Юнайтед» (Англия) – 5,1 миллиард евро
4. «Барселона» (Испания) – 4,5 миллиард евро
5. «Бавария» (Германия) – 4,3 миллиард евро
6. «Ливерпуль» (Англия) – 4,1 миллиард евро
7. «Арсенал» (Англия) – 3,9 миллиард евро
8. «ПСЖ» (Франция) – 3,8 миллиард евро
9. «Тоттенхэм» (Англия) – 3,6 миллиард евро
10. «Челси» (Англия) – 2,9 миллиард евро