Этникалық қазақ файтері Қытайдағы ММА турнирінде жеңіске жетті

Нартай Козыбай

Нартай Козыбай

Қытайда тұратын аралас жекпе-жек шебері Нартай Қозыбай (10-0) ММА турнирінде жергілікті спортшы Ван Цзы Чжэньді (20-5) жеңіп, жеңімпаз атанды.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Нартай қарсыласына «кимура» әдісін сәтті қолданып, төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл жеңіс Қозыбайдың кәсіби мансабындағы оныншы жеңісі болып, оны чемпиондық белбеуге бір қадам жақындатты.

2023 жылы Нартай мансабындағы ең жылдам жеңісіне қол жеткізген болатын. Ол бразилиялық Реджиналду Виейраны 52 секундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ал 2024 жылы Қытайдағы танымал JUE CHENG KING турнирінде танымал тибеттік файтер Зи Уанды жеңіп, 140 мың доллар сыйақыға ие болды.

Айта кетейік, Нартай Қозыбай Қытайдың Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Күнес ауданында дүниеге келген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Июн - 09:15 Күрес
Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды
02 Июн - 08:30 Без рубрики KZ Күрес
Елдос Сметов Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турниріне қатысады
01 Июн - 13:45 Күрес
Ризабек Айтмұхан әлемдегі үздік балуан атанды
29 Май - 10:01 Күрес
Қазақстандық дзюдошылардың үш иппоны әлемдегі үздіктер қатарына енді
23 Май - 08:30 Күрес
Ресми: Астанада күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді
22 Май - 13:55 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар Олимпиада жолын Моңғолиядағы турнирден бастайды
22 Май - 09:15 Күрес
Азамат Бақытов UFC BJJ турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді
20 Май - 16:55 Күрес
Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғашқы халықаралық турниріне қатысады
20 Май - 15:21 Күрес
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Моңғолиядағы Grand Slam турниріне қатысады
18 Май - 17:08 Күрес
Елдос Сметов Испаниядағы жаттығу жиынын бастап, турнирге оралу туралы айтты