Еркін Тапалов ұлттық құрамадан не себепті тыс қалғанын түсіндірді

Фото: ФК Кайрат
«Қайрат» клубының қорғаушысы Еркін Тапалов қыркүйек айындағы матчтарда Қазақстан құрамасына не себепті шақырылмағанын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Футболшының сөзінше, ол сол уақытта жарақатынан айығып жүрген, алайда қазір толық қалпына келген.
«Құрама ойындары кезінде тіземде жарықшақ болған. Қазір бәрі жақсы, бірақ сол кезде толық жаттыға алмадым. Ұлттық құраманың бапкерлік және медициналық штабы бәрінен хабардар болды, сондықтан мені қыркүйекте шақырған жоқ. Ал соңғы ойындарға неге қосылмағаным – бұл бапкерлер шешімі. Мен дайын едім және командаға көмектескім келді», — деді Тапалов.
Айта кетейік, 26 қазанда «Қайрат» пен «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының алтын медальдары үшін шешуші матч өткізеді. Бұл кездесу маусымның чемпионын анықтайтын негізгі ойын болмақ.