Еркін Ғаббасов Қазақстанға Азиада Пара ойындарындағы алғашқы алтынды әкелді
Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарында алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Пара оқ атудан сынға түскен Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтыққа пневматикалық винтовкадан атуда үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.
R1 санатындағы финалда қазақстандық спортшы 249,1 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Оңтүстік Корея өкілі Пак Джинхо 248 ұпаймен күміс медаль алса, оның отандасы Ли Джанхо 226 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Осылайша Ғаббасов Қазақстан қоржынына Азиада Пара ойындарындағы алғашқы алтын жүлдені салды.
Ұлттық құрама сапындағы тағы бір жүлдені Турсынай Қабыл жеңіп алды. Ол пара пауэрлифтингтен 41 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді. Қазақстандық спортшы үш мүмкіндігінің барлығын сәтті орындап, соңғы тәсілінде 104 келі салмақты бағындырды.
Бұл сайыста Қытай спортшысы Цуй Чжэ 120 келіні көтеріп, алтын жүлдеге ие болды. Индонезиялық Ни Ненгах Видиасих 97 келі нәтижесімен қола медаль алды. Осылайша Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы кезеңінде бір алтын және бір күміс медаль еншіледі.



