Ельшат Нығметолла мен Армат Арманұлы Таиландта жекпе-жек өткізеді

«Казахский воин»

«Казахский воин». Фото: Meta-ratings.kz

Қазақстандық боксшылар Ельшат Нығметолла (21–0–1, 8 KO) және Армат Арманұлы (2–1, 1 KO) 3 мамырда Таиландта өтетін кезекті жекпе-жектеріне аттанып кетті. Бұл туралы Irfin Promotions промоутерлік компаниясы хабарлады.

Ельшат Бангкоктағы бокс кешінде Намибиядан келген жеңіліссіз қарсылас Филлемон Нгутенанье (12–0–1, 4 KO) есімді боксшымен қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жекте Нығметолланың жеңіл салмақтағы WBA Asia чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Ал Армат Арманұлы орта салмақта үндістандық Рахул Сингхпен (10–1, 5 KO) кездеседі. Бұл — рейтингтік жекпе-жек болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру