«Елімайдың» жеңісті сериясы жалғасуда

Елимай Кайрат

Фото: ФК Кайрат

Қазақстан Премьер-лигасының 22-турында семейлік «Елімай» «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңіп, жеңісті әрі жеңілмеген ойындар сериясын жалғастырды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ойын тағдырын шетелдік футболшылар шешті: Кевин Ролон алғашқы таймның ортасында есеп ашса, үзіліске дейін Майком басымдықты арттырды. Бұл жеңіс «Елімайдың» маусымдағы үшінші қатарынан жеңісі болып тіркелді. Бұған дейін команда «Ақтөбені» 2:1 есебімен тізе бүктіріп, «Қайратпен» ойында 0:2 есебінен кейін 3:2 болып керемет камбэк жасаған еді.

Қазір «Елімайдың» жеңілмеген сериясы бес кездесуге жетті. Соңғы рет семейлік клуб 19 шілдеде «Жениске» 1:2 есебімен жол берген болатын. Бүгінгі жеңістен кейін команда 22 турдан соң 38 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. «Ақтөбе» екі ойыны кем болса да, екі ұпайға артта тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру