Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді

Елена Рыбакина

Фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтетін WTA 1000 санатындағы турнирдің жарыс кестесін білді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. АҚШ-та өтетін бұл турнир 1–15 наурыз аралығында ұйымдастырылады және маусымның маңызды додаларының бірі саналады.

Рейтингтегі жоғары орнының арқасында Рыбакина алғашқы айналымды өткізіп, жарысты екінші кезеңнен бастайды. Бұл сатыда оның ықтимал қарсыластары — Эмилиана Аранго немесе Хейли Баптист. Үшінші айналымда Марта Костюк не Мария Боузковамен кездесуі мүмкін.

Төртінші кезеңге шыққан жағдайда қарсыластары ретінде Мэдисон Киз немесе Эмма Наварро қарастырылып отыр. Ширек финалда Джессика Пегула немесе Белинда Бенчичпен ойнау ықтималдығы бар. Жартылай финалда Ига Швентек немесе Мирра Андреевамен, ал финалда Арина Соболенко, Кори Гауфф не Аманда Анисимовамен кездесуі мүмкін.

Өткен жылғы турнирдің жеңімпазы Мирра Андреева болған, ол финалда Арина Соболенконы жеңген еді. Индиан-Уэллстегі дода Рыбакина үшін рейтингтегі орнын нығайтып, WTA 1000 санатындағы кезекті титулға таласуға мүмкіндік береді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
03 Мар - 09:45 Теннис
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирін Паула Бадосаға қарсы матчпен бастайды
03 Мар - 08:40 Теннис
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді
02 Мар - 15:26 Теннис
WTA жаңартылған рейтингін жариялады: қазақстандық теннисшілердің орындары
28 Фев - 12:00 Теннис
Леонардо Абоян келісілген матчтар үшін ұзақ мерзімге шеттетілді
25 Фев - 21:32 Теннис
Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турниріндегі жарысын аяқтады
24 Фев - 13:40 Теннис
Юлия Путинцева Меридадағы турнирдің алғашқы айналымында жеңілді
18 Фев - 19:27 Теннис
Тимофей Скатов Лилльдегі «челленджер» турнирін аяқтады
16 Фев - 15:14 Теннис
WTA Дохадағы турнирден кейінгі жаңартылған рейтингті жариялады
14 Фев - 20:27 Теннис
Анна Данилина Дохадағы WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды
14 Фев - 10:00 Теннис
Александр Бублик Роттердамдағы ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты