Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіп, «Үлкен дулығадағы» екінші титулын иеленді

Фото: Australian Open
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурн қаласында өткен Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанып, кәсіби мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Финалдық матчта қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, турнирдің басты жүлдесін иеленді.
Шешуші кездесу үш сетке созылды. Алғашқы партияда Рыбакина 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте 4:6 нәтижесімен қарсыласына жол берді. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші 0:3 есебімен ұтылып жатқанымен, ойын барысын өзгерте алды. Бірнеше маңызды геймде жеңіске жетіп, бастаманы өз қолына алған Рыбакина кездесуді 6:4 есебімен аяқтап, матчты өз пайдасына шешті.
Мельбурндегі турнир барысында Елена Рыбакина жоғары деңгейдегі тұрақты ойын көрсетті. Ол алғашқы айналымдарда Кайя Юванды — 6:4, 6:3, Варвара Грачёваны — 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Кейінгі кезеңдерде Тереза Валентовадан — 6:2, 6:3, Элизе Мертенстен — 6:1, 6:3 басым түсті. Сондай-ақ қазақстандық теннисші Ига Швентекті — 7:5, 6:1 және Джессика Пегуланы — 6:3, 7:6 есебімен жарыстан шығарды.
Australian Open турниріндегі бұл жеңіс Рыбакина үшін «Үлкен дулыға» санатындағы екінші чемпиондық атақ болды. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдон турнирінде топ жарған. Мельбурндегі табыс қазақстандық спортшының әлемдік теннистегі орнын нығайтып, оны қазіргі заманның ең мықты теннисшілерінің қатарына қосты.
Джокович Синнерді бес сетте жеңіп, Australian Open-2026 финалына шықты
Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
