Дмитрий Попко АҚШ-та өткен ATP Challenger жұптық турнирінің жартылай финалында тоқтады

Дмитрий Попко

Дмитрий Попко

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Фэрфилд қаласында өткен ATP Challenger сериясындағы турнирді жартылай финалда аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол швед серіктесі Олли Валлинмен бірге жартылай финалға дейін жетіп, неміс жұбы Матс Розенкранц пен Макс Вискандтке 6:1, 3:6, 10:2 есебімен жол берді. Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.

Финалда Розенкранц пен Вискандт америкалық Спенсер Джонсон мен Уолли Тейнге қарсы ойнайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру