Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты

Фото: Getty Images
Ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN-нің салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын pound-for-pound рейтингіндегі алғашқы ондықтан шығып қалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Екі спортшы да 2025 жылдың ақпан айынан бері жекпе-жек өткізбеген.
ESPN рейтингі сарапшылар алқасының дауыс беруі арқылы құрастырылады және боксшылардың соңғы нәтижелері, чемпиондық мәртебесі мен қарсыластарының деңгейі ескеріледі. Ұзақ уақыт бойы белсенділік танытпау олардың тізімдегі орнына әсер еткен негізгі факторлардың бірі болды.
Рейтингтің көш басында жеңіліссіз 24 жеңісі бар украиналық суперауыр салмақтағы Александр Усик тұр. Екінші орында екінші жеңіл салмақтағы абсолютті чемпион жапониялық Наоя Иноуэ орналасқан. Үздік үштікті бірінші жеңіл салмақтағы біріккен чемпион америкалық Джесси Родригес түйіндейді. Төртінші орында бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Шакур Стивенсон, ал бесінші сатыда жартылай ауыр салмақтағы чемпион Дэвид Бенавидес бар.
Бетербиев пен Бивол жартылай ауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағы үшін екі рет кездескен. Алғашқы жекпе-жекте төрешілер шешімімен Артур Бетербиев жеңіске жетсе, екінші айқаста Дмитрий Бивол ұпай санымен реванш алды. 2025 жылы рингке шықпауы олардың үздік ондықтағы орнынан айырылуына себеп болды.
Леонардо Абоян келісілген матчтар үшін ұзақ мерзімге шеттетілді
Илия Топурия Ислам Махачевпен жекпе-жекті ең тиімді нұсқа деп атады
