Дастан Сатпаев ұлттық құрамаға шақырылды – тізімде жаңа есімдер көп

Сборная Казахстана по футболу

Сборная Казахстана по футболу

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өтетін Уэльс (22 наурыз) пен Лихтенштейнге (25 наурыз) қарсы матчтарға шақырылған кеңейтілген құрамды жариялады. Бұл жолы тізімге бірқатар жаңа ойыншылар енді, сондай-ақ бұрыннан белгілі тәжірибелі футболшылар ұлттық құрамаға қайта оралды.

Құрамда Дулат Талыспаев, Мади Хасейн, Ұлар Жақсыбаев, Алияр Мұхамед, Давид Есімбеков және Дастан Сатпаев сияқты жаңа есімдер бар. Сонымен қатар, Серікжан Мужиков пен Георгий Жуков қайта шақырту алды.

Осы тізім соңғы нұсқа емес, алдағы уақытта өзгерістер болуы мүмкін. Қазақстан құрамасы наурыз айында екі сырт алаңдағы ойын өткізеді – 22 наурызда Уэльспен, 25 наурызда Лихтенштейнмен кездеседі.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков (екеуі де – «Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Мәди Хасейн («Жеңіс»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков, Наурызбек Жагоров (екеуі де – «Тобыл»), Серікжан Мужиков, Жан Әли Пайруз (екеуі де – «Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Давид Есімбеков («Жетісу»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей);

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
18 Окт - 15:05 Футбол
«ПСЖ» Ламин Ямальды алу үшін рекордтық сома ұсынбақ
18 Окт - 10:00 Футбол
«Астана» мен «Ақтөбе» ойынына барлық билет сатылып кетті
16 Окт - 08:28 Футбол
«Ақтөбенің» бас бапкері ҚПЛ-дың басқа клубына ауысуы мүмкін
15 Окт - 18:00 Футбол
Лионель Месси Майамиде халықаралық жасөспірімдер турнирін өткізеді
15 Окт - 13:31 Футбол
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Денис Мамонов қызметінен кетті
15 Окт - 12:55 Футбол
Дастан Сатпаев — The Guardian таңдаған әлемнің ең үздік жас футболшыларының қатарында
15 Окт - 11:32 Футбол
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш сатыға көтерілді
15 Окт - 08:49 Футбол
Карим Бензема Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін
14 Окт - 21:27 Футбол
Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанмен өтетін жолдастық матчтарға шақырылған ойыншылар тізімі
14 Окт - 16:20 Футбол
Исламбек Қуат Македониямен өткен матчтан кейін құрамадан кетпек болған