Дастан Сатпаев «Селтикке» қарсы қарымта ойында алаңға шықпайды

Дастан Сатпаев

Фото: м

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сатпаев Лига чемпионатының плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы қарымта матчқа қатыспайды. Бұған оның сары қағаздарының саны себеп болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Глазгода өткен алғашқы кездесудің өтемақы уақытында Сатпаев қарсылас ойыншының добы ойынға қосылуына кедергі жасағаны үшін ескерту алды. Бұл оның биылғы іріктеу кезеңіндегі екінші сары қағазы еді.

Оған дейін ол үшінші раундта Братиславаның «Слованына» қарсы ойында «сары қағаз» алған болатын. Соның нәтижесінде шабуылшы шешуші матчты жіберіп алады.

Айта кетейік, «Селтик Парк» стадионында өткен алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру