Данияр Елеусінов аңыз бапкермен дайындықты бастап кетті

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусинов. Фото: Sportsfile via Getty Images

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Instagram парақшасына жаңа бапкерімен бірге түскен суретін жариялап, дайындықты бастағанын ">мәлімдеді.

«Жаттықтырушымен танысып, дайындықты бастадым», – деп жазды ол.

Суретте оның жанында қазақы шапан киген жаттықтырушысы көрінеді.

Даниярдың жаңа бапкері – аты аңызға айналған америкалық маман Томас Янкелло. Ол 2008 жылы The Ring журналының нұсқасы бойынша әлемнің үздік бес жаттықтырушысының қатарына кірген. Бұған дейін Рой Джонс кіші мен бірнеше әлем чемпиондарын жаттықтырған. Сондай-ақ ол қазақстандық Иван Дычкомен де жұмыс істеген.

Айта кетейік, Елеусінов жақында UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясынан шыққан промоутерлер құрған жаңа лигаға келісімшартқа отырған. Қазір ол сол ұйымдағы алғашқы жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр