Дамир Исмағұлов Астанада қайта жекпе-жекке шығады

Дамир Исмагулов

Дамир Исмагулов. Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық ММА спортшысы Дамир Исмағұлов 27 мамырда елордада өтетін Alash Pride FC 108 турнирінде октагонға оралады. Бұл туралы отандық промоушен Instagram парақшасында хабарлады.

Дамирдің қарсыласы – UFC-де өнер көрсеткен тәжірибелі бразилиялық файтер Алан Патрик болмақ. Бұл Исмағұловтың Alash Pride аясындағы екінші жекпе-жегі болғалы тұр.

Бұған дейін ол 2024 жылдың қыркүйегінде өткен турнирде бразилиялық Обердан Тенорионы техникалық нокаутпен жеңген еді. Ал Алан Патрик 19 кездесу өткізіп, оның 15-інде жеңіске жеткен. Ол соңғы рет UFC-де 2022 жылы америкалық Майкл Джонсонды нокаутқа жіберген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру