Чимаев Махачевпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты

Хамзат Чимаев

Фото: Zuffa LLC

Танымал UFC файтері Хамзат Чимаев Ислам Махачевпен жекпе-жекке шығуға қарсы емес, бірақ бұл үшін лайықты қаламақы төленуі керек, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Чимаев қазір орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Дрикус Дю Плессимен болатын UFC 319 турниріне дайындалып жатыр. Ол болашақта үш салмақта чемпион болуды көздейді. Ірі дене бітімі мен антропометриялық артықшылықтарының арқасында бұл мақсатқа жетуге мүмкіндігі бар.

«Маған ақша төлесе, кіммен болсын жұдырықтасуға дайынмын. Егер Ислам жеңіске жетсе, онымен жекпе-жек — салмақ санатына қарамастан, үздік файтер атанудың ең төте жолы», — деді ол.

Айта кетейік, Чимаев соңғы рет 2024 жылдың қазанында октагонға шығып, Роберт Уиттакерді бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру