«Чемоданын» ала шыққан жанкүйерлер Чебуриннің кетуін талап етті

Владимир Чебурин

Фото: PA Images via Getty Images

«Жальгирис» бас бапкері Владимир Чебурин мен клуб жанкүйерлері арасындағы жағдай ушыға түсті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Литва чемпионаты аясындағы «Кауно Жальгириске» қарсы матчта Вильнюс командасының жанкүйерлері стадионға ескі чемодандар әкеліп, алғашқы минуттарда оларды алаңға лақтырып, «Чебурин кет!» деп ұрандатты. Осы сәтте ойын уақытша тоқтатылды. Чемодандарды алаңнан футболшылар өздері алып шықты.

Бұл наразылық «Жальгиристің» маусымдағы сәтсіз ойынымен байланысты. Команда еурокубоктардан шығып қалды, ал ішкі біріншілікте жетінші орында тұр. Айта кетейік, қазақстандық маман Чебурин 2021 жылдан бері клубты жаттықтырып келеді. Ол осы уақыт аралығында командаға үш чемпиондық, екі Кубок пен Суперкубок әперген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру