Бублик «Ролан Гарроста» алғаш рет ширек финалға шықты

Александр Бублик

Фото: The New York Times

Франция ашық біріншілігінің (Ролан Гаррос) ерлер арасындағы жекелей сынының ширек финалына жолдама алған барлық теннисшілер белгілі болды.

Қазақстандық Александр Бублик үшін бұл – «Үлкен дулыға» турниріндегі алғашқы ширек финал. Ол әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездеседі. 1/8 финалда Синнер ресейлік Андрей Рублевті (15) үш сетте оңай ұтты – 6:1, 6:3, 6:4. Ал Бублик сенсация жасап, бесінші нөмірлі Джек Дрейперді жарыс жолынан шығарды – 5:7, 6:3, 6:2, 6:4.

Бұған дейін қос теннисші төрт рет жолыққан. Соның үшеуінде Синнер жеңіске жетсе, біреуінде Бублик басым түсті. Соңғы матч 2022 жылы Галледе өтіп, Бублик 7:5, 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Синнер екінші сетте жарақатына байланысты ойынды тоқтатқан.

Қалған жұптарда Александр Зверев (Германия, 3) Новак Джоковичпен (Сербия, 6), Лоренцо Музетти (Италия, 7) Фрэнсис Тиафомен (АҚШ, 16), ал Карлос Алькарас (Испания, 2) Томми Полмен (АҚШ, 12) кездеседі. Турнир 8 маусымда аяқталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 20:11 Теннис
Кукушкин Оэйраштағы «Челленджер» турнирін сәтті бастады
20 Янв - 10:02 Теннис
Елена Рыбакина Australian Open турнирін сенімді жеңіспен бастады
19 Янв - 12:31 Теннис
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады
18 Янв - 18:54 Теннис
Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты
18 Янв - 17:05 Теннис
Заңғар Нұрланұлы ITF J300 Траралгон турнирінің ширек финалына шықты
18 Янв - 15:11 Теннис
Қазақстанның Дэвис кубогындағы ерлер құрамасына жаңа капитан тағайындалды
18 Янв - 11:29 Теннис
Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирін жеңіспен бастады
17 Янв - 14:11 Теннис
Александр Бублик Роттердамдағы ATP-500 турниріне қатысады
15 Янв - 09:40 Теннис
Australian Open-2026: қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды
14 Янв - 16:11 Теннис
Анна Данилина теннистен Аустралияда өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шығу үшін күреседі