Борис Михайлов Андрей Разиннің «Металлургтен» шеттетілуіне пікір білдірді

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Борис Михайлов Андрей Разинді ҚХЛ-дағы жетекші жаттықтырушылардың бірі деп санайтынын айтып, оның «Металлург» командасындағы қызметінен шеттетілгеніне өкініш білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Сейсенбі күні «Металлург» клубы Разиннің командадағы жұмысынан шеттетілгенін жариялады. Бас жаттықтырушының міндетін уақытша Владимир Воробьев атқаратын болды. Клубтың бас директоры Алексей Жлоба бұл шешім маман мен хоккейшілер арасындағы келіспеушілікке байланысты қабылданғанын айтты.

«Жағдайдың ішкі мән-жайын білмейміз. Мұның ойыншылардың немесе жаттықтырушының кінәсінен болғанын да айта алмаймыз. Басшылық осындай шешім қабылдаса, оны талқылаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдай болғанына қатты өкінемін, өйткені Андрей Разин ҚХЛ-дағы жетекші жаттықтырушылардың бірі», – деді Михайлов.

52 жастағы Разин «Металлургті» 2023 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен магнитогорлық клуб 2024 жылы Гагарин кубогын жеңіп алды. Осы маусымдағы 13 ойыннан кейін «Металлург» 19 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнир кестесінде бірінші орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 08:20 Хоккей
«Авангард» ҚХЛ матчында «Динамоны» қосымша уақытта жеңді
21 Окт - 16:20 Хоккей
Логан Дэй ҚХЛ ойыншыларының соңғы үш аптадағы рейтингінде үшінші апта қатарынан көш бастады
21 Окт - 13:26 Хоккей
«Барыс» «Адмиралға» қарсы матчқа құрамын жариялады
21 Окт - 12:11 Хоккей
«Бейбарыс» – «Номад» матчы желтоқсанға ауыстырылды
20 Окт - 16:00 Хоккей
Барри Тротц Александр Овечкиннің Стэнли кубогын жеңіп алғанға дейінгі қысым туралы айтты
19 Окт - 14:00 Басқа Хоккей
Шутов пен Орехов ҚХЛ-дің алтыншы аптасының үздіктері атанды
19 Окт - 09:15 Хоккей
Овечкин «Вашингтонның» тағы бір клубтық рекордына бір қадам қалды
12 Окт - 15:20 Хоккей
Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
12 Окт - 14:00 Хоккей
Кузнецовтың агенті хоккейшінің «Тракторға» оралу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді
12 Окт - 13:20 Хоккей
Александр Овечкин тарихи жетістікке жетіп, Гретцки рекордына жақындай түсті