Бокс Олимпиада-2028 бағдарламасына қайта енді

Бокс

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты ресми түрде қосты. Бұл шешім Грецияда өткен 144-сессияда қабылданды. Бұған дейін Халықаралық бокс қауымдастығындағы (IBA) мәселелерге байланысты спорт түрі Олимпиададан шеттетілуі мүмкін болған еді.

Париж-2024 Олимпиадасында бокс арнайы ХОК-тың бақылауындағы жұмыс тобының басшылығымен өтті, бұл спорттың олимпиадалық қозғалыс үшін маңыздылығын дәлелдеді. Енді World Boxing ұйымы олимпиадалық боксқа жетекшілік ететін болды. 2023 жылы құрылған бұл ұйымға 84 ұлттық федерация, оның ішінде Қазақстан бокс федерациясы да кіреді.

Олимпиадалық комиссияның төрағасы Геннадий Головкин бұл шешімнің World Boxing-тың мақсатты жұмысының нәтижесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, боксты Олимпиада бағдарламасында сақтау – мыңдаған спортшыға өз армандарын орындауға мүмкіндік береді.

Олимпиада-2028 14-30 шілде аралығында Лос-Анджелесте өтеді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр