Бентли реванш талап етті: Әлімханұлымен екінші жекпе-жек өтпек пе?

Жанибек Алимханулы

Фото: Boxing News 24

Орта салмақта IBF және WBO белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлына бұрынғы қарсыласы Дензел Бентли қайта жекпе-жек өткізуді ұсынып отыр. Ұлыбританиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен бұл талапты WBO ұйымы арқылы ресми түрде өткізуге бекініп отыр.

«Дензел биыл ешқандай жекпе-жек өткізген жоқ. Ол өз кезегін күтіп жүр. Енді уақытты созбай, нақты шешімнің мерзімін анықтауымыз керек. Бұл жекпе-жек жылдың соңына дейін өтуі тиіс», – деді Уоррен vRINGe сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жәнібек 5 сәуір күні француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгамен жұдырықтасып, чемпиондық белбеулерін ерікті түрде қорғап қалған болатын. Ал Уоррен болса, бұл жолы міндетті қорғау қажет деп санайды.

Еске салайық, Жәнібек пен Бентли 2022 жылдың 12 қарашасында кездесіп, сол жекпе-жекте қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр