Бекман Сойлыбаев әлемдік рейтингте жоғарылады

Бекман Сойлыбаев
Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (20-1, 11 КО) ақпандағы сенімді жеңісінен кейін BoxRec рейтингінде айтарлықтай көтерілді.
Ол соңғы жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген танзаниялық Абейд Зугоны (15-1, 13 КО) төртінші раундта нокаутпен жеңіп, UBO тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы атанды. Осы жеңістің арқасында Бекман рейтингте 28-орыннан 13-орынға көтерілді.
Айта кетейік, Сойлыбаев қатарынан алты жекпе-жекте қарсыласын нокаутпен жеңді. Соңғы рет ол 2022 жылдың маусымында мексикалық Томас Рохасты (52-21-1, 34 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.