«Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогін жеңіспен аяқтады
Астананың «Барысы» Башқұртстан Республикасы кубогіндегі соңғы матчында Тольяттидің «Ладасын» 2:1 есебімен жеңіп, турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Кездесудің алғашқы кезеңінде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңнің басында «Лада» алға шықты. Матчтың 23-минутында Расим Шакиров қарсылас қақпасын дәл көздеді. Алайда ресейлік клубтың басымдығы ұзаққа созылмады. Екі минут өтпей жатып Ансар Шайхмедденов Мұрат Мұхаметов пен Александр Савицкийдің нәтижелі пастарынан кейін есепті теңестірді. Үшінші кезеңде қос команда жеңіс голын іздеп, ойын тартысты өтті.
Матч аяқталуына 1 минут 43 секунд қалғанда Семен Симонов дәл соққымен «Барысқа» жеңіс сыйлады. Бұл голға Джейкоб Пилон нәтижелі пас авторы атанды. Осылайша, елордалық клуб кездесуді 2:1 есебімен өз пайдасына аяқтап, турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл нәтиже Михаил Кравец жаттықтыратын команда үшін Уфадағы жарыстағы алғашқы табыс болды.
Оған дейін «Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогінде «Салават Юлаевтан» 1:4, ал Хабаровскінің «Амурынан» 1:5 есебімен жеңілген еді. «Ладамен» өткен соңғы матчтағы жеңіс қазақстандық клубқа маусым алдындағы турнирді жақсы көңіл күймен аяқтауға мүмкіндік берді.

