«Барыс» бас бапкерін уақытша ауыстырды

Евгений Королев

Фото: ХК Барыс

Астаналық «Барыс» хоккей клубында жаңа маусым алдындағы маңызды шешім қабылданды. Өткен маусымдағы нәтижелерге көңіл толмағандықтан, клуб бапкерлік құрамда өзгерістер жасауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта бас бапкердің міндетін уақытша Евгений Королев атқарады. Ол барлық рәсімдер аяқталғанша команданы жаттықтырады.

Бапкерлік құрамға қатысты толық ақпарат тиісті рәсімдер аяқталған соң жария етіледі.

Еске салайық, өткен аптада Мәскеуде КХЛ басшылығы мен «Барыс» клубы өкілдерінің кездесуі өтті. Тараптар өзара әріптестікті жалғастыруға ниетті екенін, сондай-ақ «Снежные Барсы» командасының ЖХЛ чемпионатына және клубтың КХЛ 3Х3 турниріне қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру