«Барыс» америкалық қорғаушыны қатарға қосты

Фото: Шайба.kz
Астананың «Барыс» клубы америкалық қорғаушы Райли Уолшпен келісімшартқа отырды. Мерзімі бір жылдық болып, 2026 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Уолш 2017 жылы НХЛ драфтында «Нью-Джерсидің» таңдауы болды. Ол кәсіби мансабын түгелдей Солтүстік Америкада өткізген. Өткен маусымда «Лос-Анджелес Кингздің» фарм-клубы «Онтарио Рейн» сапында 72 ойынға қатысып, 32 (6+26) ұпай жинады.
Жалпы АХЛ лигасында қорғаушы 317 матч өткізіп, 168 (42+126) нәтижелі балл иеленді. Райли Уолш 1999 жылдың 21 сәуірінде туған, бойы – 183 см, салмағы – 84 кг, оң қолмен ойнайды.