Балауса Муздиман Алматыда қайта шаршы алаңға шығады

Балауса Муздиман

Фото: muzdi___/Instagram

Қазақстандық боксшы қыздардың ішіндегі танымал әрі жарқыраған есімдердің бірі Балауса Муздиман (8-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін 5 қыркүйекте Алматыда өткізеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл кешті кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген Әли Ахмедов ұйымдастырады. Балаусаның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз. Шара аясында өзге де жергілікті боксшылар шаршы алаңға шығады деп күтілуде.

Балауса соңғы кездесуін 6 мамыр күні Алматыда өткізіп, бірінші раундта-ақ мысырлық Айя Рамаданды (4-1, 0 КО) нокаутпен жеңген еді. Ол сол жекпе-жектен кейін жеңіл салмақта әлем чемпионы атағына таласқысы келетінін мәлімдеген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру