Баходир Джалолов Астанада жекпе-жек өткізеді

Баходир Джалолов

Баходир Джалолов

Ауыр салмақтағы жеңілмеген өзбек боксшысы Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) 5 сәуірде Астанадағы «Батырлар айқасы» кешінде рингке шығады. Бұл кештің басты жекпе-жегі Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенгенің чемпиондық кездесуі болмақ. Джалоловтың қарсыласы әлі жарияланған жоқ.

Олимпиада чемпионы Қазақстандағы айқасын әлеуметтік желіде «5 сәуір. Астана. Кездескенше, Қазақстан!» деп жариялады.

Бұл Баходирдің 2023 жылдың қарашасынан бергі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Ол ақпанда Каннада жұдырықтасуы керек еді, бірақ денсаулығына байланысты медициналық комиссия рұқсат бермеген.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру