Азияны мойындатқан арулар: 12 қыздың 12-сі де финалда, 9-ы чемпион атанды

9a55d49c8e0d7033f8e1eba1911267d2

Фото: kazsports.kz

10–24 мамыр аралығында Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өткен бокстан U22 Азия чемпионатында әйелдер құрамасы жарқын нәтиже көрсетті. ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 12 салмақта бақ сынаған барлық спортшымыз финалға шықты.

Жеңіл салмақтағы үш жекпе-жекте жеңісті уыстан шығарып алдық. Алайда қалған тоғыз финалда қарсыластарға еш мүмкіндік берген жоқпыз. Оның үстіне жеті кездесуде төреші айқасты мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Жалпы есепте Қазақстан 9 алтынмен көш бастады. Вьетнам екі алтын еншілесе, Үндістан (бейтарап мәртебеде) бір алтынмен шектелді. Жарыс жеңімпаздарына Халықаралық бокс федерациясы 1000 доллардан қаржылай сыйақы берді. Күміс жүлдегерлер – 500, қола алғандар – 250 доллардан иеленді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады