Азия чемпионатында қазақстандық слаломшылар тағы да жүлдеге ілікті

Қытайдың Сяси қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші мәрте жүлдеге қол жеткізді. Бұл жолы спортшыларымыз «байдарка-кросс» сайысында ерекшеленді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Александр Коробов мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс медаль иеленді. Ал Екатерина Таранцева үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұған дейін Таранцева байдарка-одиночка бағдарламасында күміс жүлдегер атанса, Александр Куликов пен Анастасия Ананьева каноэ-одиночкада қола жүлде жеңіп алған болатын. Осылайша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында медаль санын арттыруда.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру